1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
2. Министрлер мен агенттіктердің төрағалары өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес стратегиялық басымдықтар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауапты болады деп белгіленсін.
3. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 185-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 1 ақпандағы
№ 16-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
міндеттерді бөлу
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.Н. Ахметов
Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
Экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері.
Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
Шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері.
ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі мәселелері.
Ақпарат, ақпараттандыру және байланыс мәселелері.
Мәдениетті дамыту мәселелері.
Қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелері.
Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
Заң шығару қызметін үйлестіру.
Үкіметтің кадр мәселелері.
Республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық ететін басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық ету.
Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері.
Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары -
Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаев
Өңірлік саясаттың жедел мәселелері.
Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері.
Агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері.
Құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері.
Көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту мәселелері.
Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері.
Жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу мәселелері.
Демографиялық және көші-қон саясаты мәселелері.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметі мәселелері.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын, Моноқалаларды дамытудың 2012 — 2020 жылдарға арналған бағдарламасын, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны, «Ақбұлақ» бағдарламасын, Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың (республикалық, өңірлік, салалық) қызметін үйлестіру.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ә.Ө. Исекешев болмаған кезде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Т. Орынбаев
Білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, әлеуметтік жаңғыртуды, әлеуметтік саясатты, жұмыспен қамтуды, спортты, дінді дамыту, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Кәсіпқор» жобаларын іске асыру мәселелері.
Статистиканы дамыту мәселелері.
Шетелдік кәсіпорындарды қоса алғанда, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысын үйлестіру мәселелері.
Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру, салық және кедендік әкімшілендіруді қоса алғанда, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері («Doing Business» мәселелері).
«Электрондық үкіметті» дамытуды үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері.
Дағдарысқа қарсы ден қоюдың жол картасын іске асыру мәселелері.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
Дүниежүзілік Банктің, Еуропалық комиссияның, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) және Америка сауда палатасының Қазақстандағы жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетов болмаған кезде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қ.Н. Келімбетов
Макроэкономикалық саясат мәселелері.
Бюджет саясатының мәселелері.
Мемлекеттік активтерді басқару мәселелері.
Қаржы секторының мәселелері.
Салық және кеден саясатының мәселелері.
Концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелері.
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті дамыту және тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері.
Сауда және тариф саясаты мәселелері.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері.
Ғарыш қызметінің мәселелері.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде ынтымақтастық мәселелері.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаев болмаған кезде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -
Индустрия және жаңа технологиялар министрі
Ә.Ө. Исекешев
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері.
Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері.
Өнеркәсіпті, инновацияларды дамыту, техникалық реттеу, шетелдік инвестицияларды тарту, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, туризм, экспорттық бақылау мәселелері.
Алтын өндіру (барлау, өндіру, қайта өңдеу, сату және әкелу-әкету) саласын дамыту мәселелері.
Логистиканы дамыту мәселелері.
Атом өнеркәсібін және ядролық энергетиканы, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды, энергияның жаңартылатын көздерін, көмір өнеркәсібін дамыту мәселелері.
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуды үйлестіру мәселелері.
ЭЫДҰ-ның «Қазақстандық ресурстарды тікелей шетелдік инвестициялар және секторалдық инвестицияларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру үшін әртараптандыру» жобасын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
«Өнімділік - 2020» бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев болмаған кезде оны алмастырады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Е.Ж. Қошанов
Премьер-Министрді және Үкіметтің басшылығын ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігіндегі, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
Мемлекет басшысының актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау.
Мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық деректер қорын құру жөніндегі қызметті үйлестіру.
Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» және «Астана ЭКСПО - 2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары директорлар кеңестерінің қызметін қамтамасыз ету.