"Байқоңыр" кешенінің аумағында "Протон-М" зымыран-тасығышының құлау зардаптарын жоюдың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 104-ө өкімі

      1997 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында оның аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімге сәйкес:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп:
      1) «Байқоңыр» кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда 2013 жылғы 2 шілдеде ресейлік «Протон-М» зымыран-тасығышының құлау салдарынан келеңсіз экологиялық зардаптарды жою жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясын (тобын) құрсын;
      2) қажет болған жағдайда, тиісті орталық және жергілікті атқарушы органдар мамандарының экологиялық зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысуын қамтамасыз етсін.
      2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2013 жылғы 9 шілдедегі
№ 104-ө өкіміне  
қосымша      

Қазақстан Республикасынан 2013 жылғы 2 шілдеде ресейлік "Протон-М" зымыран-тасығышының құлау салдарынан келеңсіз экологиялық зардаптарды жою жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының (тобының) құрамы

Қаппаров                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрлан Жамбылұлы            қорғау министрі, төраға

Мұсабаев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Талғат Амангелдіұлы         агенттігінің төрағасы, төрағаның
                            орынбасары

Байжүнісов                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Эрик Әбенұлы                сақтау вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Мұхамеджанов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Бектас Ғафурұлы             қорғау вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Смайылов                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Амангелдіұлы       жағдайлар вице-министрі

Құсдәулетов               - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы              вице-министрі

Тұрғымбаев                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы           министрінің орынбасары

Жұманғарин                - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы              вице-министрі

Бектұров                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы              коммуникация вице-министрі

Ыбырайым                  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұрлан Мұхтарбекұлы         министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы

Бекшин                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Жандарбек Мұхтарұлы         министрлігі Мемлекеттік
                            санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                            комитетінің төрағасы

Әлиев                     - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Жомарт Шияпұлы              қорғау министрілігі Экологиялық реттеу
                            және бақылау комитеті төрағасының
                            орынбасары

Нұртаев                   - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары,
Рзақұл Сәденұлы             Қазақстан Республикасы Президентінің
                            «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады