"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 112-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 23 шілдедегі
№ 113-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
Нормативтік құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1.

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ЭБЖМ

2013 жылғы тамыз

2.

Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

3.

«Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

4.

«Ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

5.

«Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

6.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ӨДМ

2013 жылғы тамыз

7.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

8.

«I-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы тамыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады