1. Қоса беріліп отырған Ел ішінде және халықаралық алаңдарда ЭКСПО-2017 шеңберіндегі іс-шараларды жария ету жөніндегі 2014 жылға арналған медиа-жоспар (бұдан әрі – медиа-жоспар) бекітілсін.
2. Мүдделі орталық мемлекеттік органдар, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша):
1) медиа-жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне медиа-жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2014 жылғы 20 шілдеге және 2015 жылғы 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне медиа-жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 120-ө өкімімен
бекітілген
Ел ішінде және халықаралық алаңдарда ЭКСПО-2017 шеңберіндегі іс-шараларды жария ету жөніндегі 2014 жылға арналған медиа-жоспар
Р/с № | Іс-шаралардың атауы | Аяқталу нысаны | Бұқаралық ақпарат құралдары | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұйымдастыру жұмысы | |||||
1 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөнінде брифингтер мен баспасөз-конференцияларын ақпараттық жария етуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, СІМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
2 |
Республикалық телеарналар эфиріндегі арнайы медиажобалардың мазмұнды толықтырылуын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Хабар», «Қазақстан», «Астана», «СТВ», «24.KZ» телеарналары |
2014 жыл бойы |
МАМ |
3 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу туралы қазақстандық және шетелдік қоғам және саясат қайраткерлерінің (БАҚ, ҮЕҰ басшылары, депутаттар және т.б.) пікірлерін жариялауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, СІМ, Қоршағанортамині |
4 |
Баспа БАҚ-тарда және ақпараттық агенттіктерде арнайы айдарлардың ашылуын, сондай-ақ олардың ақпаратпен толықтырылуын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық баспа БАҚ, «Қазақпарат», «Bnews» ақпараттық агенттіктері |
2014 жыл бойы |
МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
5 |
Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарында Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жаңартылған логотипін орналастыруды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстары |
2014 жылғы қаңтардан бастап |
МАМ, СІМ, мемлекеттік органдар, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
6 |
Көрменің ұйымдастырушылары мен серіктестерінің, Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, халықаралық ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің сайттарында Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің интернет-баннерлерін, анимациялық модульдерін, инфографикаларын орналастыруды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Көрмені ұйымдастырушылардың және серіктестердің, Қазақстан Республикасын елшіліктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстары |
2014 жыл бойы |
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭБЖМ, МАМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
7 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің арнайы сайтын желілер мен блог-тұғырнамаларда ілгерілетуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамалар |
2014 жылғы қаңтардан бастап |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
8 |
«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің арнайы нөмірлері мен арнайы беттерінің шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері |
2014 жыл бойы |
МАМ |
9 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің барлық іс-шараларының ақпараттық жариялануын қамтамасыз ету (студенттік, әлеуметтік-мәдени, көпшілік және өзге де республикалық БАҚ-тарда) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
10 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау жөніндегі онлайн-конференцияларды өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Bnews» ақпараттық агенттігі |
2014 жыл бойы |
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» |
11 |
«Вирустық» роликтерді әзірлеу мен таратуды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Әлеуметтік желілер, бейне-хостингтер |
2014 жыл бойы |
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» |
12 |
ХКБ-ның Бас хатшысы мен сарапшыларының Қазақстан Республикасында өтетін ресми сапарларын және кездесулерін ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қоршағанортамині, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
13 |
ХКБ-ның төрағалары мен қатысушы мемлекеттер мүшелерінің ресми сапарларын, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәселелері жөніндегі жұмыс кездесулерін ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
СІМ, МАМ, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
14 |
ХКБ-ның шетелдегі кезекті ассамблеяларына Қазақстан өкілдерінің қатысуын ақпараттық жария етуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, СІМ, ЭБЖМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
15 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау аясында көрме Комиссары Р. Жошыбаевтың сапарларын жария етуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік электрондық БАҚ |
2014 жыл бойы |
СІМ, МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
16 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу туралы арнайы мақалаларды әзірлеп, БАҚ-та жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
Астана қаласының әкімдігі, МАМ, ЭБЖМ, Қоршағанортамині, СІМ |
17 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына қатысуын ақпараттық қолдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
18 |
Тәуелсіздік күні аясында ЭКСПО-2017 қатысуымен өңірлік форумдарды, іс-шараларды ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
19 |
«Энергия будущего» The Sun Trip тақырыбы бойынша халықаралық веложарысты ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, СІМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
20 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында инновациялық даму туралы ИЖТМ басшылығының сұхбатын әзірлеу және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
ИЖТМ, МАМ |
21 |
Абу-Даби қаласында өткізілетін Дүниежүзілік болашақ энергиясы форумын және Женева қаласындағы жыл сайынғы болашақ энергиясы Еуропалық форумына Қазақстан Республикасы өкілдерінің қатысуын ақпараттық жария етуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жылғы қаңтар |
СІМ, МАМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
22 |
«Жасыл орам» жобасы туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының сұхбатын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Казахстанская правда» газеті |
2014 жылғы ақпан |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), МАМ |
23 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау аясында «көлік инфрақұрылымын дамыту» тақырыбына материалды дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Казахстанская правда» газеті |
2014 жылғы наурыз |
ККМ, МАМ |
24 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының «Жасыл экономика» бағдарламасына қатысуын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«24.KZ» телеарнасы |
2014 жылғы наурыз |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), МАМ |
25 |
Еуразиялық медиа-форум аясында Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбы бойынша жеке секцияны жария ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жылғы сәуір |
МАМ, СІМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
26 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбының аясында Ғылым күніне орай материал дайындауды және жариялауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жылғы сәуір |
БҒМ |
27 |
«Сарапшы» пікірталас клубына «Жасыл орам» құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Астана» телеарнасы |
2014 жылғы сәуір |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), МАМ |
28 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Автожол саласындағы жобаларды іске асыру» тақырыбында материалды дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жылғы мамыр |
ККМ, МАМ |
29 |
Шетелдік БАҚ-тар үшін Астана қаласына блог-, пресс-турларды ұйымдастыру: |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Шетелдік БАҚ |
2014 жылғы мамыр-шілде |
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), СІМ |
30 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі инфрақұрылымын дамыту және объектілерінің құрылысы туралы Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетовпен сұхбатты дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Казахстанская правда» газеті |
2014 жылғы маусым |
Астана қаласының әкімдігі, МАМ |
31 |
ХКБ-ның 155 және 156 БА ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жылғы маусым, қараша |
МАМ, СІМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
32 |
Париж қаласында (Франция) ХКБ-ның ресми логотипі мен туын беру рәсімін ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік баспа БАҚ |
2014 жылғы маусым |
МАМ, СІМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
33 |
ЭКСПО-2017 қатысуымен Қала күні аясындағы әлеуметтік-мәдени іс-шараларға ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жылғы маусым, шілде |
МАМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
34 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы АШМ өкілінің мақаласын дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Егемен Қазақстан» газеті |
2014 жылғы шілде |
АШМ |
35 |
Халықаралық «fourЭ» эко-этно фестивалін жария ету (ЭКСПО-2017 арналған жеке сайд-ивент) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жылғы тамыз |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
36 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу аясында көлік және коммуникацияны дамыту туралы ККМ өкілінің сұхбатын дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Казахстанская правда» газеті |
2014 жылғы тамыз |
ККМ, МАМ |
37 |
Қазақстанның ғылыми және кадрлық әлеуетін дамыту туралы Ұйымдастыру комитетінің жанындағы жұмыс штабы басшысының сұхбатын/мақаласын дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Литер», «Алаш айнасы» газеттері |
2014 жылғы тамыз |
БҒМ, МАМ |
38 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында «Жаңа бағдарлар» тақырыбында материал дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Bnews» ақпараттық агенттігі |
2014 жылғы қыркүйек |
ККМ, МАМ |
39 |
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Т. Ермегияевтің сұхбатын дайындауды және жариялауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жылғы қазан-қараша |
СІМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
40 |
Жаңартылатын және баламалы энергетика, энергия үнемдеу саласындағы отандық технологияларды коммерцияландыру мәселелері бойынша материал дайындауды және жариялауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық БАҚ |
2014 жылғы III тоқсан |
БҒМ |
41 |
«Энергия үнемдеу мен экологиялық қауіпсіздік» тақырыбында материал дайындауды және жариялау ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Казахстанская правда» газеті |
2014 жылғы III тоқсан |
БҒМ |
42 |
Туризмді дамыту және инвестициялар тарту туралы ИЖТМ басшылығының сұхбатын дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Деловой Казахстан» газеті |
2014 жылғы қазан |
ИЖТМ, МАМ |
43 |
«Жаңартылатын энергия көздері және Қазақстанның әлеуеті» тақырыбында Қоршағанортамині өкілінің сұхбатын дайындау және жариялау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Айқын» газеті |
2014 жылғы қараша |
Қоршағанортамині, МАМ |
44 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық туралы жаңалық материалдарын «Қазақпарат» ақпараттық агенттігінің халықаралық серіктестері арқылы таратуды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Қазақпарат» ақпараттық агенттігі |
2014 жыл бойы |
МАМ |
45 |
«Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша халықаралық конференцияларды ақпараттық қолдауды ұйымдастыру («Жасыл көпір», «Болашақ энергиясы» бойынша форум) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, СІМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
46 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астана экономикалық форумына, Еуразиялық медиа-форумына, KazEnergy форумына |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
ЭБЖМ, МАМ, СІМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
47 |
Қазақстанның индустрияландыру күндері аясында «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша халықаралық конференцияларды (көрме-форумға) ақпараттық қолдауды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қазақстандық және шетелдік БАҚ |
2014 жыл бойы |
МАМ, СІМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
48 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің іс-шаралары бойынша |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
voxpopuli.kz сайты |
2014 жыл бойы |
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), МАМ |
49 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету туралы АШМ өкілімен сұхбатты дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Қазақстан» телеарнасы |
2014 жылғы II тоқсан |
АШМ |
50 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы материалдарды шығаруды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Хабар», «Қазақстан», «Астана», «СТВ», «7 арна», «31 арна», «Евразия+ОРТ», «МИР», «КТК» телеарналары |
2014 жыл бойы |
МАМ |
51 |
«Алаң» ток-шоуы мен «Таңшолпан» бағдарламасындағы ЭКСПО-2017 арнайы айдары шеңберінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық және жетістіктері туралы шақырылған қонақтармен сұхбат ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Қазақстан» телеарнасы |
2014 жыл бойы тоқсан сайын |
МАМ |
52 |
«Жеті күн», «Көзқарас», «Үкімет пен әлеумет», «Арнайы репортаж», «Индустрияландыру күнделігі», «Қазақстан: әлеуметтік жобалар» ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары шеңберінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы материалдардың шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Хабар» телеарнасы |
2014 жыл бойы |
МАМ |
53 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында ұлттық дәстүр мен қолөнерді насихаттау мақсатында «Жәдігер» жаңа жобасын шығаруды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Мәдениет» телеарнасы |
2014 жыл бойы маусымнан бастап |
МАМ |
54 |
«Өркениет» бағдарламасында Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тарихы, басқа мемлекеттердің тәжірибесі, осы іс-шараларды өткізуге дайындық туралы сюжеттердің шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Мәдениет» телеарнасы |
2014 жыл бойы |
МАМ |
55 |
«Қайырлы таң, қазақ елі» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тарихы және өткізу критерийлері туралы «ЭКСПО-2017» арнайы айдарының ашылуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Қазақ радиосы» және «Шалқар радиосы» |
2014 жыл бойы |
МАМ |
56 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған арнайы ТВ бағдарламаның шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«24.KZ» телеарнасы |
2014 жыл бойы |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
57 |
«Тәулік тынысы» және «Событие дня» бағдарламалары шеңберінде арнайы спикерлермен Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі жайлы сұхбат ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Қазақ радиосы» және «Шалқар радиосы» |
2014 жыл бойы |
МАМ |
58 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы «Ұшқын» бағдарламасының шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Қазақ радиосы» және «Шалқар радиосы» |
2014 жыл бойы қыркүйектен бастап |
МАМ |
59 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің тарихы, оны өткізуге дайындық және жетістіктері туралы сұрақтар қою арқылы «ЭКСПО-2017» радио-викторинасын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Астана» радиосы |
2014 жыл бойы |
МАМ |
60 |
«Біз» ток-шоуы мен «Жаңа күн» бағдарламасында «ЭКСПО-2017» арнайы айдары аясында шақырылған қонақтармен Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық туралы сұхбаттарды ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Хабар» телеарнасы |
2014 жыл бойы |
МАМ |
61 |
«Жасыл экономика» бағдарламасы шеңберінде мамандармен Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы сұхбаттардың шығуын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«24.KZ» телеарнасы |
2014 жыл бойы |
МАМ |
62 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы имидждік бейнероликтерді әзірлеуді және көрсетуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«Хабар», «24.KZ» «Қазақстан», «Астана», «СТВ», |
2014 жыл бойы |
МАМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
63 |
Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі тақырыбына арнайы медиа-жобаларды әзірлеу мен көрсету қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
«BBC», «CNBC» телеарналары |
2014 жыл бойы |
СІМ, «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
64 |
«PR News Wire» медиа-агенттігімен ынтымақтастықты қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Баспасөз-релиздері мен медиа-релиздердің ғаламдық тарату |
2014 жыл бойы |
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы» АҚ – «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы
ХКБ БА – Халықаралық көрме бюросының Бас ассамблеясы
ХКБ – Халықаралық көрме бюросы
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
АЭФ – Астана экономикалық форумы
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ТВ – телевизия