Қазақстан Республикасының экономикасын деоффшорландыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 13 тамыздағы № 138-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының экономикасын деоффшорландыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, басшының орынбасары

Әмірханұлы
Уәлихан

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістерді талдау және салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру департаментінің директоры, хатшы

Әкішев
Данияр Талғатұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Әмірин
Ғұсман Кәрімұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы

-

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Бектенов
Олжас Абайұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) ақпараттық-талдау департаментінің бастығы (келісім бойынша)

Боданов
Айбар Жиреншеұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Жұмаділдаев
Әнуар Серіқұлұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы

Ержанов
Аманияз Қасымұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Қасымбек
Ардақ Махмұдұлы

-

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының экономика және қаржы бойынша басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қизатов
Олжас Төлегенұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

Қуатбеков
Олжас Жамантайұлы

-

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының салықтық жоспарлау департаментінің директоры (келісім бойынша)

Құсайынов Марат Әпсеметұлы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Кравченко Андрей Николаевич

-

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Мақсұтов
Қайрат Берікұлы

-

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару бойынша басқарушы директоры (келісім бойынша)

Омаров
Руслан Ысқақұлы

-

«Сырбар» Қазақстан Республикасы Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша)

Рахметов
Нұрлан Құсайынұлы

-

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі (келісім бойынша)

Стешенко
Андрей Константинович

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департамент бастығының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Төлекова
Сәуле Бекзадақызы

-

Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының қаржы және салық есебі департаментінің директоры (келісім бойынша)

Өтебаев
Мүсірәлі Смайылұлы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы

Елеманов
Жанат Қалдыбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының экономикасын деоффшорландыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады