Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттерінің қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының X форумына дайындық бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 150-ө өкімі

      Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы президенттерінің қатысуымен өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының X форумына (бұдан әрі – форум) дайындық бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Келімбетов             - Қазақстан Республикасы
Қайрат Нематұлы          Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

Досаев                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Ерболат Асқарбекұлы      және бюджеттік жоспарлау министрі,
                         жетекшінің орынбасары

Төребаев               - Қазақстан Республикасы Экономика
Қайрат Қалмұқаметұлы     және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                         Халықаралық ынтымақтастық департаментінің
                         директоры, хатшы

Рау                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович         және жаңа технологиялар бірінші
                         вице-министрі

Ақшолақов              - Қазақстан Республикасының Мұнай
Болат Оралұлы            және газ вице-министрі

Байжүнісов             - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерік Әбенұлы             сақтау вице-министрі

Бектұров               - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы           және коммуникация вице-министрі

Бөрібаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Асқар Исмайылұлы         және ақпарат вице-министрі

Жақсылықов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мекешұлы           және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Жұманғарин             - Қазақстан Республикасының Өңірлік
Серік Мақашұлы           даму вице-министрі

Мұхамеджанов           - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Бектас Ғафурұлы          ортаны қорғау вице-министрі

Орынханов              - Қазақстан Республикасының Білім
Мұрат Қадесұлы           және ғылым вице-министрі

Ордабаев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Самат Исламұлы           министрінің орынбасары

Тұрғымбаев             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы        министрінің орынбасары

Есентаев               - Қазақстан Республикасы Спорт және
Тастанбек Құтжанұлы      дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының
                         орынбасары

Көмекбаев              - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы           қызмет істері агенттігі төрағасының
                         орынбасары (келісім бойынша)

Әбдібеков              - Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары
Нұрмұхамбет Қанапияұлы

Дүйсембаев             - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары
Ғұмар Ислямұлы

Көшербаев              - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Ермек Беделбайұлы        бірінші орынбасары

Тұрғанов               - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсенбай Нұрбайұлы

Ахметжанов             - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Әнуар Мұратұлы

Бекенов                - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Қайрат Әскербекұлы       орынбасары

Дәрібаев               - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Мұрат Аманкелдіұлы

Кәрімов                - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Марат Шайдоллаұлы

Шорманов               - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Ербол Әлімқұлұлы

Әйтенов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Марат Дүйсенбекұлы       Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және
                         сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі
                         (келісім бойынша)

Қабазиев               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Манарбек Шәкірұлы        министрлігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
                         департаменті директорының орынбасары

Несіпқұлов             - Қазақстан Республикасы Экономика және
Ержан Байқадамұлы        бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық
                         ынтымақтастық департаменті сыртқы
                         байланыстар басқармасының басшысы

Байжауынова            - Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік
Гүлжан Маңғыстауқызы     және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Мәдиев                 - «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық
Біржан Мұхамеджанұлы     холдингі» акционерлік қоғамы басқармасы
                         төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Дара                   - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы
Сергей Маркович          акционерлік қоғамы стратегиялық даму және
                         халықаралық жобалар департаментінің
                         директоры (келісім бойынша)

Қуанышев               - «KEGOC» акционерлік қоғамы жүйелік
Әскербек Досайұлы        қызметті дамыту жөніндегі атқарушы директор
                         (келісім бойынша)

Асқарұлы               - «Самұрық-Қазына Инвест» жауапкершілігі
Азамат                   шектеулі серіктестігі халықаралық қатынастар
                         департаментінің директоры (келісім бойынша)

Құндақбаев             - Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп
Абдулла Бағыбекұлы       палатасы президентінің кеңесшісі (келісім
                         бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2013 жылғы 16 қыркүйекке дейін форумға дайындық бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            С. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады