«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 132-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
реттік нөмірлері 3, 54 және 55-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
3. |
Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ, |
2014 жылғы шілде |
»;
«
54. |
Азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2015 жылғы желтоқсан |
55. |
Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2014 жылғы желтоқсан |
»
Премьер-Министр С. Ахметов