"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 132-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен Астана қаласының әкімдігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 6 тамыздағы
№ 132-ө өкімімен   
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 22.11.2013 № 184-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, Алматы қ. әкімдігі

2013 жылғы қыркүйек

2.

Теміржол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

3.

Теміржол көлігімен әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ТМРА, Еңбекмині

2014 жылғы шілде

4.

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ӨДМ, ТМРА

2013 жылғы қазан

5.

Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қарауындағы әскерилендірілген күзетуге жататын темiржол көлiгi объектiлерiнің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ

2013 жылғы қыркүйек

6.

«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

7.

Жолаушыларға және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарға, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы сәуір

8.

Көлік қызметі субъектілерін Жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу қағидалары мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы сәуір

9.

Жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдар, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы сәуір

10.

Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы сәуір

11.

Мемлекеттік уәкілетті органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнайы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жылғы сәуір

12.

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

13.

«Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

14.

«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

15.

«Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

16.

Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

17.

Теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

18.

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, Қаржымині

2013 жылғы қыркүйек

19.

«Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 825 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2014 жылғы қазан

20.

«Кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және Кеме құжаттарын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
26 шілдедегі № 856 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

21.

«Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

22.

«Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

23.

«Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

24.

«Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

25.

«Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

26.

«Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

27.

Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына және (немесе) радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтеріне қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ТМРА

2013 жылғы қыркүйек

28.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

29.

Мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау және олардың біліктілігін ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

30.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, Қорғанысмині 

2013 жылғы қыркүйек

31.

«Азаматтық әуе кемесі данасын сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қазандағы № 1341 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

32.

«Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

33.

«Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

34.

«Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

35.

«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

36.

«Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды  сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 440 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

37.

«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

38.

«Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 760 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

39.

«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

40.

«Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ТЖМ, Қорғанысмині,  ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

41.

«Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, Еңбекмині

2013 жылғы қыркүйек

42.

«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

43.

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 512 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

44.

Авиациялық қауіпсіздіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ІІМ, Қаржымині, СІМ, Қорғанысмині,  ҰҚК (келісім бойынша)

2013 жылғы қыркүйек

45.

Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін, сондай-ақ Тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ, ККМ, Қаржымині

2013 жылғы қыркүйек

46.

«Темір жол және әуе көлігінде өрт қауіпсіздігі жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу және өрт салдарларын жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 ақпандағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ, ТЖМ

2013 жылғы қыркүйек

47.

«Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

48.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

49.

«Магистралдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

50.

«Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

51.

«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi» туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

52.

Метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

53.

«Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

54.

Азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2015 жылғы желтоқсан

55.

Халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ

2014 жылғы желтоқсан

56.

Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

57.

Теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

58.

«Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының  2012 жылғы 3 тамыздағы № 490 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

59.

Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

60.

Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

61.

Кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны жасау тәртібін бекіту туралы

бұйрық

ККМ, СА

2013 жылғы қыркүйек

62.

Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту

бұйрық

ККМ, Еңбекмині

2013 жылғы қыркүйек

63.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарының жұмысын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

64.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

65.

Радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

66.

Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру қағидаларын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

ККМ, ДСМ

2013 жылғы қыркүйек

67.

Аэровокзал кластары мен аэровокзал класын айқындау әдістемесін бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

68.

Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

69.

«Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиабағыттарындағы тұрақты рейстердің кестелерін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

70.

«Авиация персоналы куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

71.

Шет мемлекеттердің мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің халықаралық ұшуы, сондай-ақ шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтарын және әскери техникасын тасымалдауға арналған әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін ашылған әуежайларды айқындау туралы

бұйрық

ККМ, Қорғанысмині

2013 жылғы қыркүйек

72.

«Әуе кемелерін пайдаланушыларды тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 қыркүйектегі № 611 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ, ӨДМ

2013 жылғы қыркүйек

73.

«Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 613 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

74.

Ішкі су жолдарында кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

75.

«Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

76.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ТМРА, ККМ

2013 жылғы қыркүйек

77.

«Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу ережелерiн бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 283-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

78.

Кірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының қатысу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

79.

«Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 366-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

80.

«Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы
27 қазандағы № 651 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

81.

Қаржы-экономикалық жағдай туралы ақпараттың нысанын бекіту туралы

бұйрық

ККМ

2013 жылғы қыркүйек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
      ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады