Алматы қаласын 2022 жылғы қысқы ХХIV Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін орын ретінде ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Есентаев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, жетекші |
Қанағатов |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Досымбетов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы, жетекшінің орынбасары (келісім бойынша) |
Жарасбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры, хатшы |
Жошыбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Аманжолова |
- |
Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
Кәлетаев |
- |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) |
Жанпейісов |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының директоры |
Смирнов |
- |
Қазақстан Республикасы шаңғы спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті, олимпиада чемпионы |
Жүсіпова |
- |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының көркем гимнастикадан бас жаттықтырушысы, азия чемпионы |
Хайдаров |
- |
Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы |
2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде Алматы қаласын 2022 жылғы қысқы ХХIV Олимпиада және XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін орын ретінде ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне жүктелсін.
Премьер-Министр С. Ахметов