"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 20-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Орталық атқарушы органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 20-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актiлердiң тiзбесi

Р/с №

Нормативтік құқықтық актiнiң атауы

Актiнiң нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2015 жылғы наурыз

2.

Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы наурыз

3.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы наурыз

4.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы наурыз

5.

Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2015 жылғы наурыз

6.

Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеріп жүрген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Арнаулы мемлекеттік органдардың бұйрықтары

ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша)

2015 жылғы наурыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      "Сырбар" СБҚ – Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады