"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 80-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 80-ө өкімімен
бекітілген

"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің немесе құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2015 жылғы қыркүйек

С.К. Омаров

2.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Өсімдіктер карантині республикалық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2015 жылғы қыркүйек

С.К. Омаров

3.

"Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2015 жылғы қыркүйек

С.К. Омаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады