Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11376 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-4/176 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер қорын құру және сақтау тәртібін айқындайды.

      2. Пестицидтер қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналған және бюджеттік қаражат есебінен сатып алынатын пестицидтердің көлемінен қалыптастырылады.

      3 Пестицидтер қоры тұрақты жаңартылып отыратын пестицидтердің белгілі бір көлемін білдіреді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

      4. Пестицидтер қорын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер қорының нормативтері не сәйкес Комитет құрады.

      5. Ағымдағы жылдың пайдаланылмаған пестицидтер көлемі болжанатын өңдеу алаңы азайған жағдайда, алдағы жылдың пестицидтер қорына ауысады.

      6. Пестицидтерді сақтау "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады.

      7. Пестицидтерді сақтау қорғау шаралары сақтала отырып, жүзеге асырылады, олар:

      1) сақтауға арналған орамаға және ыдысқа қойылатын талаптарды;

      2) химиялық өнім орамасының рұқсат етілген массасын және оның сақталу мерзімін;

      3) сақтау кезінде өнімнің химиялық өнімнің басқа түрлерімен сәйкестігін;

      4) сақтауға қойылатын жалпы талаптарды (температура, қысым, ылғалдылық, жарық);

      5) өздігінен жануға және өздігінен ыдырауға, оның ішінде қауіпті өнімдер түзей отырып ыдырауға бейім химиялық өнімге қолданылатын арнайы шараларды;

      6) ораманы, ыдысты қауіпсіз түрде қайталап пайдалану және (немесе) оларды кәдеге жарату жөніндегі шараларды;

      7) авариялық жағдайларды болғызбау және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды;

      8) персоналдың жеке қорғану құралдарын қамтиды.

      8. Пестицидтерді сақтау оның тұтыну қасиеттерін және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін орамада жүзеге асырылады.

      9. Пестицидтер массасының рұқсат етілген нормасы олардың әсер етуінің немесе түрленген өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау мерзімі ішінде қамтамасыз етеді, оны өндіруші зауыт (формулянт) белгілейді.

      10. Пестицидтердің қауіптілік қасиеттерін арттыра түсетін, жаңа қосылыстар түзу қабілеті бар пестицидтерді сақтау кезінде осындай түрлену мүмкіндігін болдырмайтын тиісті қорғау шаралары қамтамасыз етіледі.

      11. Тек бірдей заттар үшін ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Пестицидтердің сақталу жағдайларында оның кездейсоқ араласып кету мүмкіндігін болдырмау керек.

  Өсімдіктер карантині жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін
пестицидтердің қорын құру
және сақтау қағидаларына
қосымша

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер қорының нормативтері

Р/с

Карантиндік объектілердің атауы

Өңделетін алаңдағы пестицидтер қоры (пайызда), дейін

1

2

3

Карантиндік зиянкестер

1

Myіopardalіs pardalіna Bіgot – Қауын шыбыны

30

2

Tuta absoluta (Meyrіck) – Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі

30

3

Erwіnіa amylovora (Burrіll) Wіnslow et al. – Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі

30

Карантиндік арамшөптер

4

Ambrosіa artemіsііfolіa L. –
Жусан жапырақты ойраншөп

10

5

Ambrosіa psіlostachya DC. –
Көп жылдық ойраншөп

10

6

Acroptіlon repens DC. –
Жатаған укекіре

10

7

Cuscuta spp. – Арам сояуылар

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады