Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 122-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеде белгіленген мерзімде:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын;

      3) қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 122-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық актiлердiң және құқықтық актілердің тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 12.05.2016 № 39-ө өкімімен.

Р/с№

Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе нормативтік актінің атауы

Актiнiң нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Жауапты тұлға

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы (1. Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидалары.
2. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу қағидалары мен мерзімдері.
3. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары.
4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялауды жүргізу қағидалары және мерзімдері, ротациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік
қызметшілер лауазымдары.
5. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазаны қолдану қағидалары.
6. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізілмей, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

2.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
(1. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (Қызмет әдебінің қағидалары).
2) Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

3.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

4.

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

5.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

6.

Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы (1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары.
2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидалары.
3. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидалары.
4. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары)

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

7.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 және "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

8.

Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары мен шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰЭМ, Қаржымині, МҚІСҚА (келісім бойынша) және мүдделі мемлекеттік органдар

М.Ә. Құсайынов

2015 жылғы 10 желтоқсан

9.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдiк жұмыскерлерге міндетті арнайы тексеру жүргізуі қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ҰҚК (келісім бойынша)

М.Ө. Қалқабаев

2015 жылғы 10 желтоқсан

10.

Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 12.05.2016 № 39-ө өкімімен.

11.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

Қ.А. Өскенбаев

2015 жылғы 10 желтоқсан

12.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына шетелдік жұмыскерлерді тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ

Б.Б. Нұрымбетов

2015 жылғы 10 желтоқсан

13.

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 10 желтоқсан

14.

"Шет елдердегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

А.Б. Қарашев

2016 жылғы 22 ақпан

15.

"Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ

А.Б. Қарашев

2015 жылғы 10 желтоқсан

16.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы
(1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (жалпы конкурс өткізуді келісу тәртібін реттейтін жеке тарауды қоса алғанда).
2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру
(мемлекеттік қызметке кандидаттарды тесттен өткізу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін және жеке қасиеттерін бағалау тәртібін реттейтін жеке тарауды қоса алғанда).
3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары)

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

17.

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

18.

Сынақ мерзімінен өтудің және тәлімгерлерді бекітудің қағидалары мен шарттары туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

19.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы (1. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалау әдiстемесi.
2. "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң жұмысын бағалаудың үлгілік әдiстемесi)

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

20.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

21.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

22.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамасы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

23.

Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2015 жылғы 30 желтоқсан

24.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне енгізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

СІМ

А.Б. Қарашев

2016 жылғы 22 ақпан

25.

"Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша)

С.Қ. Ахметжанов

2016 жылғы 1 наурыз

26.

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу мен олардың жеке қасиеттерін бағалаудың қағидалары мен мерзімін бекіту туралы

бұйрық

МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині

С.Қ. Ахметжанов

2016 жылғы 30 қыркүйек

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;

      ПМК – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;

      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

      ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады