"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 26-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 138-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 26-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 138-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.12.2016 № 132-ө; 30.01.2018 № 9-ө; 29.11.2018 № 151-ө өкімдерімен.


Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімi

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, әзірлеу мен енгізудің уақтылығына жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер бойынша берешектің есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

2.

Этил спирті, алкоголь өнімінің және мұнай өнiмдерiнiң өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерi айналымының саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

3.

"Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1712 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

4.

"Консулдық алым ставкаларының, сондай-ақ жеделдігі үшін консулдық алым ставкасының ең төменгі және ең жоғары базалық мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысының өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

СІМ ҰЭМ Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

Р. С. Жошыбаев

5.

"Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ Қаржымині ҰЭМ

2015 жылғы 18 желтоқсан

А. К. Евниев

6.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1238 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2016 жылғы ақпан

А.М. Теңгебаев

7.

Мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер ұсынатын, олардың негізінде жеке тұлғаның тұрғын үйінің және саяжай құрылысының (оның ішінде жаңадан салынған); салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғын үй жертөлесінің, гараждың салық салынатын объектісінің құнын анықтайтын орталық мемлекеттік органдар құрамынан уәкілетті мемлекеттік органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2016 жылғы қазан


8.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 30.01.2018 № 9-ө өкімімен

9.

"Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының қаулысы

ҰБ

2016 жылғы сәуір

О. А. Смоляков

10.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын мемлекеттік бақылау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы"

бірлескен бұйрық

Қаржымині ҰЭМ

2016 жылғы қаңтар

А.М. Теңгебаев

11.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық жүктемесi коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

12.

"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

13.

"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

14.

"Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

15.

"Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 35 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

16.

"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

17.

"Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

18.

"Кедендік тексеру құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 383 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

19.

Кеден органы кедендік бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыратын, кеден ісі саласындағы қызмет аймақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

20.

Кәсiпкерлiк қызмет мақсатында тауарларды импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

21.

Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

22.

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

23.

"Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

24.

"Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

25.

"Салық тіркелімінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

26.

Объектілер салуға арналған тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланатын жер учаскелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

Қ.А. Өскенбаев

27.

Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеуші, оның ішінде дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпараттарды беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині ҰБ

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

28.

"Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині ҰЭМ

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

29.

Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ ҰЭМ Қаржымині ИДМ

2015 жылғы 18 желтоқсан

А. К. Евниев

30.

"Консулдық іс-әрекеттерді жасау үшін алынатын консулдық алымдар ставкаларының, сонымен қатар жеделдік үшін консулдық алым ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2010 жылғы 14 шілдедегі № 08-1-1-1/249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығы

СІМ

2015 жылғы 18 желтоқсан

Р. С. Жошыбаев

31.

"Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

32.

"Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) жөнінде міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидаларын, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) жөнінде міндеттемені табыс ету нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 240 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

33.

"Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 18 желтоқсан

А.М. Теңгебаев

34.

Мемлекеттік кірістер органдарына бейне ақпараттарына уақытша сақтау қоймаларының иелерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы сәуір

А.М. Теңгебаев

35.

"Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы сәуір

А.М. Теңгебаев

36.

"Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы қазан

А.М. Теңгебаев

37.

Темекі бұйымдарына ілеспе жүк құжатын ресімдеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы қазан

А.М. Теңгебаев

38.

"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2016 жылғы қазан

А.М. Теңгебаев

39.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 151-ө өкімімен.

40.

Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 151-ө өкімімен.

41.

"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы сәуір

А.М. Теңгебаев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

АШМ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі

Әділетмині

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

ИДМ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Қаржымині

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

ҰБ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады