"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 26-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 138-ө және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 157-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 132-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 26-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 138-ө өкіміне:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 39 және 40-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, пайдалану қағидаларын, оларды ресімдеу нысанын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2019 жылғы тамыз

Р.Е. Дәленов

40.

Тексерілетін тұлғаның, салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік және салықтық есептерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу, сондай-ақ оларды көшіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы қазан

Р.Е. Дәленов

      ";

      2) Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 30.01.2018 № 9-ө өкімімен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 30.01.2018 № 9-ө өкімімен.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 26 желтоқсаңдағы
№ 132-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына, әзірлеу мен енгізудің уақтылығына жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Заттай нысандағы міндеттемені орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2017 жылғы қаңтар

Ә.М. Мағауов

2.

1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мемлекет атынан Қазақстан Республикасының үлесін алушыны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2017 жылғы қаңтар

Ә.М. Мағауов

3.

Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

4.

"Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 маусымдағы № 618 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

5.

"Дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын іске асыру жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 240 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

М.Ә. Құсайынов

6.

"Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең төмен мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы. Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы

ҰБ

2017 жылғы ақпан

О.А. Смоляков

7.

Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысананы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

8.

Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

9.

Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

10.

Кедендік қарау және кедендік тексеріп-қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

11.

Халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ҰБ

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

12.

Алдын ала салықтық тексеру актісін жасауға қатысты салық төлеушілер санатын, сондай-ақ салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін табыс ету, алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша наразылық беру, сондай-ақ осындай наразылықты қарау қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы маусым

Р.Е. Дәленов

13.

Апелляциялық комиссияның кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы маусым

Р.Е. Дәленов

14.

"Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

15.

"Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

16.

"Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 264 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.Е. Дәленов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады