1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Тізбеге сәйкес мемлекеттік органдар тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 157-ө өкімімен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.12.2016 № 132-ө; 30.01.2018 № 9-ө; 29.11.2018 № 151-ө өкімдерімен.
Р/с№ | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасына уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 151-ө өкімімен. | ||||
2. | Салық шегерімдерін қолдануға өтініш нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
3. | Жеке тұлғалармен есеп айырысулар туралы анықтама нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
4. | Жанама әдістермен жеке тұлғаның салық салуға жататын табыстарын айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
5. | "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
6. | Бағалы қағаздарды ұстаушылар болып табылатын тексерілетін жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары мен нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
7. | Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алуға жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы салық органдарының талаптарының нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
8. | Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы салық органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ДСӘДМ | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
9. | Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғаның білім беруге жұмсаған шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы салық органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, БҒМ | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
10. | Жеке тұлғалардың мәмілелері мен келісімдері бойынша ақпаратты нотариустардың табыс ету қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, Әділетмині | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
11. | Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздарының немесе тауарлар биржасында өткізілген биржалық тауарларының мәмілелері туралы мәліметтерді брокерлердің ұсыну қағидалары мен нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҰЭМ, ҰБ (келісім бойынша) | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
12. | Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғамен жеке тұлғалар туралы ақпаратты табыс ету қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ДСӘДМ, ИДМ | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
13. | Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 151-ө өкімімен. | ||||
14. | Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 29.11.2018 № 151-ө өкімімен. | ||||
15. | Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
16. | Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 30.01.2018 № 9-ө өкімімен | ||||
17. | Жеке тұлғалардың декларацияларын салық органдарының мобильдік топтарымен қабылдау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
18. | Салық есептілігін табыс етудің ерекше тәртібін және осындай есептілікті табыс ететін тұлғалардың тізбесін бекіту туралы (құпия) | бірлескен бұйрық | Қаржымині, ІІМ, Қорғанысмині,МҚІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2016 жылғы тамыз | А.М. Теңгебаев |
19. | Камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тәртіп жүргізілетін тұлғалардың тізбесін бекіту туралы (құпия) | бірлескен бұйрық | Қаржымині, ІІМ, Қорғанысмині, МҚІМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша) | 2016 жылғы қазан | А.М. Теңгебаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰЭМ– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
МҚІМ – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
ҰҚК– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"Сырбар" СБҚ – Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі
МКҚ – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі