"Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 100-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссияның құрамында:
1 және 2-тармақтарда:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, хатшы";
мына:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша), хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)";
2) көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады".
Премьер-Министр | К. Мәсімов |