Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 100-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы 158-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 05.12.2017 № 158-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 100-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.08.2016 № 67-ө өкімімен.

      1. Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен шетелде ілгерілету бойынша:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Астана қаласының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      2. Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Астана қаласының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Ақмола облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Қарағанды облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 100-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ел ішінде және шетелде ілгерілету және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 30.04.2016 № 30-ө өкімімен.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық және өңірлік брендтерін қалыптастыру мен ілгерілету;

      2) ел ішінде және шетелде мемлекеттік ақпараттық-имидждік жұмысты жоспарлау, оған қатысушылардың өзара іс-қимылы және оларды үйлестіру;

      3) "Ұлы дала елі" бірыңғай ұғымының негізінде елдің қазақстандық ұлттық брендін ілгерілету мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады