"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 156-ө және "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 31-ө өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 99-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 156-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 1, 3, 6, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17-жолдар алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 31-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген "Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 30-жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 99-ө-өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 30.01.2018 № 9-ө; 17.11.2018 № 147-ө өкімдерімен.

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


ДСМ

2019 жылғы мамыр


Л.М. Ақтаева

2.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып-алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы тамыз

А.В. Цой

3.

"Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық кәмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы тамыз

А.В. Цой

4.

"Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2019 жылғы қазан

Б.Б. Бисенқұлов

5.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілердің медициналық көмек алуға жұмсаған жеке қаражатын бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2019 жылғы қазан

Т.Ж. Жанжүменов

6.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

7.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2017 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

8.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2019 жылғы мамыр

Л.М. Ақтаева

9.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

10.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

11.

"Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 762 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

А.В. Цой

12.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

13.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

14.

"Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

15.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарын сатып-алу тізімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

А.В. Цой

16.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын бекіту" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

А.В. Цой

17.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау қағидасын туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

18.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және масаң күйін белгілеу үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

19.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

20.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін айқындау туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

21.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

22.

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

23.

Мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмектің түрлері мен көлемін айқындау туралы

бұйрық

ПІБ (келісім бойынша)

2017 жылғы қыркүйек

Е.Е. Баттақов

24.

"Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

25.

Аударымдар мен (немесе) жарналарды есептеу, (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар мен (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

26.

Әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын солардың асырауындағы адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару тәртібін айқындау туралы

бұйрық

Еңбекмині

2017 жылғы тамыз

Н.Б. Нұрымбетов

27.

Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың көрсетілетін қызметтерді іске асырудан түсетін ақшалай қаражатты жұмсауы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қорғанысмині

2019 жылғы қазан

Т.Ж. Жанжүменов

28.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыру бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың көрсетілетін қызметтерді іске асырудан түсетін ақшаларды жұмсауы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

М.Ө. Қалқабаев

29.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органның мемлекеттік мекемелерінің органдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуі және олардың көрсететін қызметтерді іске асырудан түсетін ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2019 жылғы қазан

Б.Б. Бисенқұлов

30.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың көрсетілетін қызметтерді іске асырудан түсетін ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

МКҚ (келісім бойынша)

2019 жылғы қазан

Ә.Ә. Жүсіпов

31.

Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

бұйрық

ДСМ

2017 жылғы тамыз

Л.М. Ақтаева

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ҚМ - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі;

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      МКҚ - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады