"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 37-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 37-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан жүзбелі қонақүйлерді қоса алғанда, жүзбелі бұрғылау қондырғыларына немесе жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, жүзбелі қонақүйлерді қоса алғанда, жүзбелі бұрғылау қондырғыларынан адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері үшін Қазақстан Республикасының бөлінген әуе дәліздерінен тыс мемлекеттік шекарасын шекаралық, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жасау бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпей бірнеше рет кесіп өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

2.

Құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

3.

Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелеріне бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

4.

Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

5.

Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

6.

Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жою әдістерін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

7.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары мен осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

8.

"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

9.

"Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

10.

"Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2016 жылғы маусым

Ә.М. Мағауов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады