Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 60-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 8-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 60-ө өкіміне
қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері
жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 06.03.2017 № 30; 16.08.2017 № 114-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 26 шілдедегі
№ 60-ө өкімімен
бекітілген

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және
әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен
бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі
комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерге экономиканың нақты сегментінде немесе әлеуметтану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін нақты міндеттерді шешу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған зерттеулер жатады.

      3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерді және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізу жөніндегі ұсыныстарды елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі, мемлекеттік органдардың функцияларын қайталауына, сондай-ақ зерттеулер тақырыптарының қайталануына жол бермеу тұрғысынан қарау және ұсыныстар әзірлеу;

      2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыптары бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдарды және жұмыс топтарын құру тәртібі, оның қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады