Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мынадай консультативтік-кеңесші органдар:

      1) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен;

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      3) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен;

      2) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;

      3) күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен;
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      3. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 60-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төраға енгізілсін;

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жол алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы (келісім бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша)".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 тамыздары
№ 114-ө өкіміне
1-қосымша

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 13 тамыздары
№ 114-ө өкімімен
бекітілген

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 114-ө өкіміне
2-қосымша

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 11.04.2019 № 57-ө; 06.12.2019 № 222-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.04.2022 № 268 қаулыларымен; ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі департаментінің директоры, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 114-8 өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарын және осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 06.12.2019 № 222-ө өкімі

      4. Комиссияның отырыстары қажеттiлігiне қарай өткiзiледi.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      5. Комиссияның негiзгi мiндетi сыртқы сауданы реттеу құралдарын қолдануды, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуды, халықаралық шарттар жасасуды, үшінші елдермен сауда мәселелерін реттеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде:

      1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) уақытша шараларды қoca алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық шараларды қолданудың орындылығы туралы ұсыныстарды қарау;

      3) жауап шараларды қолдану, сондай-ақ халықаралық санкцияларға қатысу шеңберінде қолданылатын шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;

      4) Дүниежүзілік сауда ұйымына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу шеңберінде сыртқы сауда мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының келіссөздік ұстанымына ұсыныстар әзірлеу;

      5) Дүниежүзілік сауда ұйымының Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша келісімін іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 114-ө өкіміне
3-қосымша

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 114-ө өкімімен
бекітілген

Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады