Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай кұрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, жетекші;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, жетекшінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті көлік логистикасын дамыту басқармасының басшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы;
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша);
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"KTZ Express" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының Логистика және тасымалдар департаментінің директоры (келісім бойынша);
"KAZLOGISTICS" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша).
2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде Маңғыстау облысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамытудың проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |