Мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға отандық мұнай сервистік компанияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 63-ө өкімі

      Мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға отандық мұнай сервистік компанияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай кұрамда жұмыс тобы құрылсын:

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

      Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

      Атырау облысы әкімінің орынбасары

      Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

      Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының мұнай сервистік жобалар бойынша вице-президенті (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз" Барлау және Өңдеу" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары (келісім бойынша).

      Қазақстанның сервистік компаниялар одағы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Kazenergy" қауымдастығы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." компаниясы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Норт Каспиан Оперейтинг Компани" компаниясы директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Ембімұнайгаз" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "PSA" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Маңғыстаумұнайгаз" ационерлік қоғамы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "Жайықмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      "ПетроҚазақстанҚұмкелРесорсиз" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2016 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға отандық мұнай сервистік компанияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады