"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:

      1) нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 10.07.2017 № 89-ө өкімімен.

Р/с №

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

2

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

3

"Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

4

"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

5

Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

облыстардың, Астана және Алматы қалалары маслихаттарының шешімі

ЖАО

облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіткен күннен бастап екі ай ішінде

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының басшылары

6

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы

бірлескен бұйрық

БП (келісім бойынша), Қаржымині

2017 жылғы ақпан

А.Н. Кравченко

7

Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

АКМ

2017 жылғы мамыр

С.С. Сәрсенов

8

Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ДІАҚМ, МСМ

2017 жылғы желтоқсан

Б.С. Арын

9

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ІІМ, ҰЭМ, АКМ

2017 жылғы ақпан

Р.Т. Жақыпов

10

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

АКМ

2017 жылғы ақпан

А.Ғ. Әжібаев

11

Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру қағидаларын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша), ІІМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), Қорғанысмині, "Сырбар" СБҚ (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша), Қаржымині, АКМ, БП (келісім бойынша)

2017 жылғы ақпан

Д.Е. Ерғожин

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

МҚІСҚА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

МКҚ

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

"Сырбар" СБҚ

-

Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қорғанысмині

-

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

АКМ

-

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

ДІАҚМ

-

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

ИДМ

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

Қаржымині

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ЖАО

-

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады