"Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 4-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық акт қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 13 қаңтардағы
№ 4-ө өкімімен
бекітілген

"Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық және құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы ақпан

Б.Б. Бисенқұлов

2.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508, "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511, "Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 тамыздағы № 517 бұйрықтары)

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы ақпан

Б.Б. Бисенқұлов

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады