Қазақстан Республикасының "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 7-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 7-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы қараша

Р.Т. Жақыпов

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2017 жылғы қараша

Р.Т. Жақыпов

3

Дактилоскопиялық және геномдық ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы желтоқсан

Р.Т. Жақыпов

4

"Босқың мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2017 жылғы желтоқсан

Р.Т. Жақыпов

5

"Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ІІМ

2020 жылғы қазан

Р.Т. Жақыпов

6

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

СІМ

2017 жылғы желтоқсан

М.Б. Тілеуберді

7

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ИДМ

2017 жылғы желтоқсан

А.П. Рау

8

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімін жүзеге асыру және осы адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ҰҚК (келісім бойынша)

2020 жылғы ақпан

Д.Е. Ерғожин

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады