Шекара маңындағы елді мекендерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 23-ө өкімі

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 6 ақпандағы № 17-686 тапсырмасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес кұрамда шекара маңындағы елді мекендерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2017 жылғы 17 сәуірге дейінгі мерзімде шекара маңындағы елді мекендерді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 23-ө өкіміне
қосымша

Шекара маңындағы елді мекендерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, басшының орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша);

      қауіпсіздік аппараты секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

      Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары;

      Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;

      Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;

      Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады