"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 25-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 27 ақпандағы
№ 25-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне, мемлекеттік тіркелуге енгізу мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

2.

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ

2017 жылғы ақпан

Е.Қ. Хаиров

3.

Нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақтан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

4.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындының жобасын қарау бойынша. келісу комиссиясының іс-қимыл қағидаларын және оның құрамын бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ҰБ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

5.

Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ЭМ, ИДМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

6.

Қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ҰБ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

7.

Табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын, Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті орналастыру қағидаларын, Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

8.

Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

9.

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, Қаржымині

2017 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

10.

Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу және бұзу қағидаларын және шарттарын бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, АШМ

2017 жылғы ақпан

Е.Қ. Хаиров

11.

Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрі мен Ауыл шаруашылығы министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, АШМ, Қаржымині

2017 жылғы ақпан

А.П. Рау, Қ.Қ. Айтуғанов

12.

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

13.

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ҰБ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

14.

Табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерінің мониторингілеу және бағалау әдістемесін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ЭМ, ИДМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

15.

Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырландыруды бағалау әдістемесін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы желтоқсан

С.М. Жұманғарин

16.

Қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырландыруды бағалау әдістемесін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ҰБ

2017 жылғы желтоқсан

С.М. Жұманғарин

17.

Қоғамдық маңызы бар нарықтарды талдау әдістемесін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, ЭМ, ИДМ

2017 жылғы желтоқсан

С.М. Жұманғарин

18.

Тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) есептеу әдістемесін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы желтоқсан

С.М. Жұманғарин

19.

Тиісті саладағы (аядағы) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері сапасының стандарттарын қалыптастыру және бағалау әдістемесін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы желтоқсан

С.М. Жұманғарин

20.

Нарық субъектісіне арналған монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін бекіту туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

21.

Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2017 жылғы ақпан

Е.Қ. Хаиров

22.

Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар ұсынуға өтінімнің нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2017 жылғы ақпан

Е.Қ. Хаиров

23.

Тауарды өндіру кезінде 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған шикізаттың және (немесе) материалдардың пайдаланылғаны туралы растау нысанын бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ, ҰЭМ, Қаржымині

2017 жылғы ақпан

А.П. Рау

24.

2017 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шикізат және (немесе) материалдардан ғана еркін қойма аумағында өндірілген және еркін қойма иесі Қазақстан Республикасының аумағында өткізетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ ҰЭМ Қаржымині

2017 жылғы ақпан

А.П. Рау

25.

Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

26.

"Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

27.

"Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы

С.М. Жұманғарин

28.

"Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Энергетика министрі мен Инвестициялар және даму министрінің бірлескен бұйрығы

ЭМ, ИДМ

2017 жылғы ақпан

Ғ.Қ. Сәдібеков, А.П. Рау

29.

"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, БП

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

30.

"Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, АШМ, ИДМ, ЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

31.

"Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығы

АКМ, ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

А.Ғ. Әжібаев

32.

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу. туралы

Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині, ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

Ж.Б. Ешмағамбетов

33.

Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар және бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ

2017 жылғы ақпан

С.М. Жұманғарин

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      АКМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады