"Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 45-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 68-ө өкімімен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің 22.04.2019 № 68-ө өкімімен.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының табысты қызметін қамтамасыз етудің салааралық және ведомствоаралық мәселелері бойынша міндеттерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда "Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 45-ө өкіміне
қосымша

"Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Астана қаласы әкімінің орынбасары

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма мүшесі (келісім бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) !

      "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Бас директоры - Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 45-ө өкімімен
бекітілген

"Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты үздік әлемдік практиканы, оның ішінде ағылшын құқығының қағидаттары қолданылатын, жеңілдікті салық салынатын және тәуелсіз қаржылық соты бар практиканы ескере отырып, "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - Орталық) табысты қызметін қамтамасыз етудің салааралық және ведомствоаралық мәселелері бойынша міндеттерді іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Орталықтың актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.

2. Комиссияның міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген, жеңілдікті салық салынатын және тәуелсіз қаржылық соты бар үздік әлемдік практика базасында Қазақстан Республикасында жетекші халықаралық қаржы орталығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша тиімді өзара. іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;

      2) Орталықтың органдарын құру мәселелері;

      3) Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуды және Орталық базасында қаржылық көрсетілетін қызметтерді дамытуды ынталандыратын нормативтік құқықтық актілер және өзге де құжаттамаларды әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту және мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауы кезінде инвестициялар тарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады