"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 52-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 52-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Нормативтік құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актіні сапалы және уақтылы әзірлеу мен енгізуге жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2017 жылғы маусым

Ғ.Қ. Сәдібеков

2.

"Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2017 жылғы маусым

Ғ.Қ. Сәдібеков

3.

Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2017 жылғы маусым

Ғ.Қ. Сәдібеков

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады