"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 3 маусымдағы № 68-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген өкімге 6-қосымшада:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

      мыналар:

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін;

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      2) көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі."

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады