Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө өкімімен.

      1. Мынадай Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі – консультативтік-кеңесші органдар) құрылсын:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен;

      2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен;
      4) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.
      5) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 16.07.2020 № 97-ө өкімімен;

      6) осы өкімге 6-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

      7) Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 28.12.2018 № 162-ө; 16.07.2020 № 97-ө; 29.04.2022 № 268 қаулыларымен.

      2. Қоса беріліп отырған мынадай консультативтік-кеңесші органдардың ережелері бекітілсін:

      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен;

      2) Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже;

      3) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен;
      4) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.
      5) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 16.07.2020 № 97-ө өкімімен;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;

      7) Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 28.12.2018 № 162-ө өкімдерімен; 16.07.2020 № 97-ө; 29.04.2022 № 268 қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға";

      2) "Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі".

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
2-қосымша

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2019 № 5-ө; 11.04.2019 № 57-ө; 06.12.2019 № 222-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 26.10.2021 № 173-ө өкімімен; ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 28.02.2023 № 37-ө өкімімен; ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө; 22.02.2024 № 24-ө өкімдерімен.

      Қазақстан тарапынан:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасы салық төлеушілері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)

      шетелдік тараптан:

      Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Джи Интернейшнл" Ресей/ТМД президенті (келісім бойынша)

      Еуразия Групп бас директоры (келісім бойынша)

      Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) басқарушы директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан бойынша Азия даму банкінің директоры (келісім бойынша)

      Билайн атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Дэлойт әріптесі (келісім бойынша)

      Эрнст энд Янг әріптесі (келісім бойынша)

      Ситибанк төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Файзер Орталық Азия/Кавказ өңірлік басқарушы (келісім бойынша)

      Еуропа Қайта Құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2019 № 5-ө өкімімен.

      5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 23.01.2019 № 5-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:

      1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының даму басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметті дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындау;

      2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық актілерін, салық және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеуші салаларына инвестицияларды тежейтін проблемаларды шешудің ықтимал жолдарын талдау.

3. Кеңес қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
3-қосымша

Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің құрамы

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
4-қосымша

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрамы

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 28.12.2018 № 162-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
5-қосымша

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 19.06.2017 № 79-ө; 13.05.2019 № 78-ө өкімдерімен; алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 16.07.2020 № 97-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды –ҚР Премьер-Министрінің 16.07.2020 № 97-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
6-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 03.06.2017 № 68-ө; 11.04.2019 № 57-ө; 14.11.2019 № 210-ө өкімімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2021 № 98; 29.04.2022 № 268; 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен; ҚР Премьер-Министрінің 05.05.2023 № 73-ө; 28.11.2023 № 187-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссияның мақсаттары құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;

      2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;

      3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын қарау;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қабылдау;

      7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;

      8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.

3. Комиссия қызметінің ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiне
7-қосымша

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 90-ө өкiмiмен
бекітілген

Ертіс су қоймалары құламасының су ресурстарын пайдалану жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық комиссия туралы ереже

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады