Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкімі.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Абай, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері шекара мәселелері жөніндегі облыстық үйлестіру кеңестерін құрсын.

      Ескерту. Өкім 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 27.12.2021 № 200-ө өкімімен; жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 26.10.2022 № 175-ө өкімімен.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 156-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік шекара комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының шекара саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Комиссияның міндеттері

      5. Комиссияның негізгі міндеті шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына және қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесу, оның Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.

3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 156-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 26.10.2022 № 175-ө өкімімен; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша), төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің бастығы (келісу бойынша), хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Абай облысының әкімі

      Ақтөбе облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Атырау облысының әкімі

      Батыс Қазақстан облысының әкімі

      Жамбыл облысының әкімі

      Жетісу облысының әкімі

      Қостанай облысының әкімі

      Қызылорда облысының әкімі

      Маңғыстау облысының әкімі

      Павлодар облысының әкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      Түркістан облысының әкімі

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі

      Ескертпе: облыс әкімдерінің қатысу қажеттілігі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы отырысының күн тәртібімен айқындалады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады