Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 187-ө өкімі.

      Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 187-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі";

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі енгізілсін" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төраға орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның ережесінде:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.".

      3. "Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 24-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі";

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Жалпы мәселелер бөлімінің сектор меңгерушісі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша)";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      4. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкімінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (келісу бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкімінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес:";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің бастығы (келісу бойынша), хатшы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      6. "Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 169-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңес туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы бойынша талдамалық кеңестің құрамында:

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, тең төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, тең төраға (келісу бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, тең төраға

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, тең төраға (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері (Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы, Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі, Сыртқы саясат орталығы, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы) (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері (Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы, Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі, Сыртқы саясат бөлімі) (келісу бойынша)";

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі".

      7. "Қазақстанның су кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстанның су кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі";

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы

      Нұрлан Бақытжанұлы Атшабаров – Қазақстан Республикасы су шаруашылығы кәсіпорындары және ұйымдары қауымдастығының президенті (келісу бойынша)

      Әмірхан Қадырбекұлы Кеншімов – Қазақстан Республикасында Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы бөлімінің басшысы (келісу бойынша)" деген жолдар алып тасталсын;

      "Саят Құрбанбайұлы Әлімқұлов – "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Дулат Қажкенұлы Қалитов – "Геотерм" өндірістік компаниясының бас директоры (келісу бойынша);

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстанның су кеңесі туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.";

      6-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) су ресурстары саласында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стандарттарды айқындау;";

      7) тармақшадағы "тұжырымдау болып табылады." деген сөздер тұжырымдау;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) жерасты суларын зерделеу, оларды ұтымды пайдалану, сарқылудан және ластанудан қорғау саласындағы ұлттық басымдықтарды айқындау болып табылады.".

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      8. "Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 83-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (келісу бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (келісу бойынша)";

      "TaskRabbit" стратегия және даму жөніндегі басшысы (келісу бойынша)" деген жол алып тасталсын.

      10. "Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 89-ө өкімінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Өнеркәсіптік саясат" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 18) тармақшасына сәйкес:";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      11. "Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдерді, технологияларды, көрсетілетін қызметтерді экспорттық бақылау және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі";

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы" деген жол алып тасталсын.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 176-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамы";

      мына:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Споткай Максим Александрович – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары (келісу бойынша)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Споткай Максим Александрович – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының Басшысы (келісу бойынша)";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы ережеде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия туралы ереже";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.".

      13. "Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 201-ө өкімінде:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңестің құрамында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      9-2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады