"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері шекаралық мәселелер жөніндегі облыстық үйлестіру кеңестерін құрсын.";
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 200-ө өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша), төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің бастығы (келісу бойынша), хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Алматы облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Жамбыл облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі
Түркістан облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі
Атырау облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Қостанай облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.