2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 16-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 16-ө өкімімен
бекітілген

2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін және 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Нормативтік құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

2.

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру мен толтыру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту тәртібін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИДМ, ЭМ, АШМ, Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

3.

Жою нәтижесінде түзілген, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын қалдықтарды Еуразиялық экономикалық одақтың және кедендік бақылаудағы емес тауарлар деп тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

4.

Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСМ, ИДМ

2018 жылғы ақпан

А.В. Цой

5.

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдарды тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ДСМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

6.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарларды өзге де өткізу орындарында мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының көліктік бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ИДМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

7.

Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ИДМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

8.

Тауарлармен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, халықаралық әуежайлармен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ИДМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

9.

Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ҰЭМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

10.

Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ДСМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

11.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мақсатында ақпарат алмасу, соның ішінде электрондық нысанда, сондай-ақ мәліметтер тізбесі шеңберінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының бірлескен бұйрығы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

12.

Тауарларды шығарғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, ДСМ, Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

13.

"Арнайы инвестициялық келісімшарттарды іске асыру шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шартты түрде шығарылған нысаналы пайдалануды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 106 және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 84 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының ң Инвестициялар және даму министрі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бірлескен бұйрығы

ИДМ, АШМ

2018 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

14.

Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

15.

Тауарларды кедендік декларациялауды кедендік алымдар алудан босату үшін құжаттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

16.

Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру үшін негіздердің болуын растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оларды беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

17.

Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындауды, кедендік баждардың, салықтардың төленуін басты қамтамасыз етуді қолдануды, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның, уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану тәртібін есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

18.

Бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар есеп-қисабының құрылымын, форматын және нысанын, сондай-ақ оны толтыру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

19.

Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

20.

Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

21.

Жекелеген кедендік операциялар жасау қағидалары мен орындарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

22.

Кедендік аумақта (кедендік аумақтан тыс) және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есептер нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

23.

Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

24.

Тауарларды уақытша сақтау орындарында орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін берілген құжаттарды тіркеумен және олардың тіркелгені туралы растау берумен байланысты кедендік операцияларды жасауы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

25.

Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

26.

Мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын, сондай-ақ осындай толтыруға байланысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

27.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

28.

Тауарлар мен көлік құралдарының келуі мен кедендік транзитінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

29.

Қос дәліз жүйесі қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарының тізбесін және тауарларды өткізу орындарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

30.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жеке пайдалануға арналған тауарларды әкеткеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына оларды қайта әкелуді растау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

31.

Теміржол тасымалдаушыларының уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралын және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді, оның ішінде ішкі тасымалдау үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ИДМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

32.

Кедендік жете тексеру және қарап тексеру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

33.

Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану немесе жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

34.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің аймақтарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

35.

Тауарды және оның нысанын сыныптау туралы шешімді қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

36.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

37.

Тауарларды сыныптау туралы, тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді және жинақталмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрде тауарларды сыныптау туралы шешімді қабылдауға уәкілетті органдарды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

38.

Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын және осындай журналдың нысанын, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініш нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

39.

Тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын және осындай журналдың нысанын, сондай-ақ тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініштің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

40.

Уәкілетті мемлекеттік кірістер орғанының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптама тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

41.

Шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді беру мақсаттары мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын растау үшін кедендік бақылауды жүргізу кезінде шартты түрде шығарылған тауарларды көрсету не олардың орналасқан жерін растау ерекшеліктерін, сондай-ақ өткізу кезеңділігін және шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты тауарларды шығарудан кейін кедендік бақылау жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

42.

Кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

43.

Кедендік құнды айқындау үшін консультациялар жүргізу тәртібі және мерзімі туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

44.

Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

45.

Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

46.

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

47.

Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2018 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

48.

Уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарының бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

49.

Уақытша сақтау орындарын жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

50.

Экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

51.

Мемлекеттік кірістер органдары мен уәкілетті экономикалық операторлардың өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

52.

Төлеушілердің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

53.

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын, сондай-ақ кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

54.

Өзге уәкілетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін кедендік сараптаманы тағайындау және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тартудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

55.

Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарды сәйкестендіру құралдарын алу қағидаларын және құжаттарды, құжаттар мен тауарлардың сәйкестендіру құралдарын алу туралы акт нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

56.

Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

57.

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

58.

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген өтініштер нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

59.

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

60.

Алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесінің және тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

61.

Аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың қалыпты жағдайларындағы табиғи кему нәтижесінде тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін мемлекеттік кірістер органының тануы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

62.

Қазақстан Республикасының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

63.

Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

64.

Қазақстан Республикасы кеден органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасын және қолданылу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

65.

Сыныптауыштарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

66.

Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

67.

Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киімді киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

68.

Тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

69.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не мемлекеттік кіріс органдары шығармаған тауарларға қатысты кедендік декларациялауды, өзге де кедендік операцияларды жасау және кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

70.

Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарына сәйкестендіру құралдарын салу (алу) нәтижелері бойынша актінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

71.

Радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

72.

Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кіріс органының мұндай қарсылықты қарауының тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

73.

Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидаларын және оларды дайындауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

74.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

75.

Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салған мүлкін, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің билік етілуі шектелген мүлкін - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

76.

Кедендік бақылау мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

77.

Кедендік бақылаудағы және кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылмай "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты белгіленген тауарларды тасымалдау маршрутын белгілеумен және сақтаумен байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

78.

Арнайы экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

79.

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

80.

Еркін қойма кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

81.

Тауарларды жою актілерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

82.

Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

83.

Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару процесін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

84.

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

85.

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, СІМ

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

86.

Әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңіз арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын және шетелдік тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетумен және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелумен байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ЭМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

87.

Тұлғаны кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге де құжаттарға және (немесе) мәліметтерге, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарға тексеру жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы хабардар ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

88.

Мемлекеттік кірістер орғандарының ақпараттық жүйесін пайдаланушылар ретінде тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

ҚЕ. Баеділов

89.

Тұлғалардың мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған ақпаратты алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ мұндай ақпараттың құрамы мен оны беру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

90.

Мемлекеттік кірістер органдарының, көлемінің үлкендігіне немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастырылмайтын тауарларды кедендік қоймалар болып табылмайтын жерлерде сақтауға рұқсат беруі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

91.

Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

92.

Электр энергиясын және құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды есепке алу аспаптарын орнату орындарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

93.

Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы ақпан

Қ.Е. Баеділов

94.

Еркін экономикалық аймақтарда немесе Қазақстан Республикасының аумағында құрылған (құрылатын) жекелеген еркін экономикалық аймақтарда еркін кеден аймағының кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесін және (немесе) тауарлардың санаттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы

ИДМ

2018 жылғы ақпан

Р.В. Скляр

95.

Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешім беру қағидаларын, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2019 жылғы мамыр

Қ.Е. Баеділов

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ИДМ - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;

      Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ҰЭМ - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЭМ - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ҰБ — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады