1. "Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 159-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарда:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Қоғамдық кеңестердің республикалық мәжілісін ұйымдастыру және өткізу | Қоғамдық кеңестер мәжілісінің ұсынымдары | ДІАҚМ | 2017, 2019 жылдар | 2017 жылы –10200,0, 2019 жылы – 14095,0. |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:
"
8-1. |
Қоғамдық кеңестердің республикалық конференциясын ұйымдастыру және өткізу. | Қоғамдық кеңестер конференциясының ұсынымдары | ДІАҚМ | 2018, 2020 жылдар | 2018 жылы – 14095,0, 2020 жылы – 14095,0. |
".
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |