"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 16-ө өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алынған ақпаратты қорытындыласын және құқықтық актілер қабылданған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 16-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1 2 3 4 5 6

1.

"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2019 жылғы қазан

Р.Б. Бекетаев

2.

"Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлары, жұмыстары, қызметтері сатып алынатын қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын, олар өндіретін орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту және "Төтенше жағдай аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1423 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ (жинақтау) Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Б.Б. Бисенқұлов

3.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

4.

"Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша)

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

5.

Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторын айқындау туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

6.

Біліктілік органын айқындау туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

7.

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы қазан

Р.Б. Бекетаев

8.

Біртекті түрлері және беру (орындау, көрсету) орны бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

9.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

10.

Мемлекеттік сатып алудың тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

11.

Мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар қойылуы мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

12.

Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

13.

Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы мамыр

Р.Б. Бекетаев

14.

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

15.

"Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

16.

"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

17.

"Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

Қаржымині

2019 жылғы ақпан

Р.Б. Бекетаев

18.

"Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

Еңбекмині

2019 жылғы ақпан

С.Қ. Жақыпова

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады