"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 56-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 56 өкімімен
бекітілген

"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі
мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы қатысушыларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

"Сырбар" СБҚ
(келісу бойынша)

2019 жылғы мамыр
 

Ж.Қ. Шаймерденов

2.

Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

3.

Қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

4.

Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

5.

Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

6.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

7.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ (жинақтау), ҰЭМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

8.

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы (құпия)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

А.Е. Оразбек

9.

Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

А.Е. Оразбек

10.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

А.Е. Оразбек

11.

Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ІІМ

2019 жылғы мамыр
 

Р.Т. Жақыпов

12.

Меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қорғанысмині

2019 жылғы мамыр
 

Ә.Б. Сқақов

13.

"Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҰҚК (келісу бойынша)

2019 жылғы мамыр
 

М.Ө. Қалқабаев

14.

Ғылыми зерттеулер жөніндегі қорғаныстық ғылыми-техникалық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы мамыр
 

М.Р. Нұрғожин

15.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне теңестіру туралы

бірлескен бұйрық

ҰҚК (келісу бойынша), СІМ

2019 жылғы маусым

М.Ө. Қалқабаев, Н.М. Сейтімов

16.

Ақпараттандыру, байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

бірлескен бұйрық

ЦДҚАӨМ,
ҰЭМ

2019 жылғы маусым

Д.Ш. Тұяқов
М.Т. Такиев

17.

Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын беру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

18.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
БҒМ, Қорғанысмині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша),
МКҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

19.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
Қорғанысмині, БҒМ, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша),
МКҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

20.

Тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
Қорғанысмині, БҒМ, ҰҚК (келісу бойынша),
МКҚ (келісу бойынша)

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

21.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктерінің тізбесін бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау), Қорғанысмині

2019 жылғы маусым
 

А.Е. Оразбек

22.

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

23.

Мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

24.

Ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ
 

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

25.

Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
ИИДМ, АШМ

2019 жылғы маусым
 

М.Р. Нұрғожин

26.

Инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық
 

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

27.

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту туралы

бұйрық
 

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

28.

Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

бұйрық
 

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
ҰЭМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

29.

Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
ҰҚК (келісу бойынша)

2019 жылғы маусым

А.Е. Оразбек

30.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің
және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ (жинақтау),
ҰҚК (келісу бойынша)

2019 жылғы маусым

А.Е. Оразбек

31.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

32.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

33.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

34.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

35.

Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

36.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы тамыз

М.Р. Нұрғожин

37.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы желтоқ
сан

М.Р. Нұрғожин

38.

"Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру нысанын және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы
30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым
 

А.Е. Оразбек

39.

"Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым
 

А.Е. Оразбек

40.

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оразбек

41.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оразбек

42.

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оспанов

43.

"Ақпараттық жүйенің, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 51/НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

ЦДҚАӨМ

2019 жылғы маусым

А.Е. Оразбек

44.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық
 

ІІМ

2019 жылғы маусым

Р.Т. Жақыпов

45.

Азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық
 

ІІМ

2019 жылғы маусым

Р.Т. Жақыпов

46.

Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын бекіту туралы

бұйрық
 

ІІМ

2019 жылғы маусым

Р.Т. Жақыпов

47.

Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды бекіту туралы

бұйрық
 

ІІМ

2019 жылғы маусым

Р.Т. Жақыпов

48.

"Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 қыркүйектегі № 743 бұйрығының күшін жою туралы

бұйрық
 

ІІМ

2019 жылғы маусым

Р.Т. Жақыпов

49.

Аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық
 

Қорғанысмині

2019 жылғы маусым

М.К. Бектанов

50.

"Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық
 

Қаржымині

2019 жылғы маусым

Б.Ш. Шолпанқұлов

51.

"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық
 

ҰЭМ

2019 жылғы маусым

М.Т. Такиев

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      "Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі;

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады