"Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 60-ө өкімі

      "Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі, төраға орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төраға орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары";

      "Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі";

      "Астана қаласының әкімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі";

      "Алматы қаласының әкімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Шымкент қаласының әкімі";

      "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысының әкімі";

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі" деген жолдар алып тасталсын;

      көрсетілген өкіммен бекітілген Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссияның құрамында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады