Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 111-ө өкімі.

      Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 03.04.2023 № 54-ө өкімімен; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

      Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 3 қарашадағы
№ 111-ө өкімімен
  бекітілген

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін комиссияның ережесі туралы

1. Жалпы ережелер

      1. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 28.11.2023 № 187-ө өкімімен.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 17.04.2019 № 60-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік органдардың дін саласындағы қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      7. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 03.04.2023 № 54-ө өкімімен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады