"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 69-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры, хатшы";

      "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі".

      Премьер-Министр А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады