Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 43-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 43-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамы

      Ескерту. Кеңесінің құрамына өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2017 № 43-ө; 26.01.2018 № 8-ө; 23.04.2019 № 69-ө өкімдерімен.

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

      Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы (келісім бойынша)

      Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы денсаулық сақтау жөніндегі бағдарламасының басшысы (келісім бойынша)

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілі (келісім бойынша)

      Қазақ тағамтану академиясының өкілі (келісім бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЭФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының үйлестірушісі (келісім бойынша)

      Қазақстандағы БҰҰ-ның ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) кеңсесінің директоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 43-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2017 № 43-ө өкімімен.

      5. Үйлестіру кеңесінің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

2 Үйлестіру кеңесінің міндеттері

      6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі негізгі бағыттарды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

3. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады