"Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 77-ө өкімі

      "Қайырымдылықты дамыту жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген өкіммен бекітілген Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген өкіммен бекітілген Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 мамырдағы
№ 77-ө өкіміне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 24-ө өкімімен
бекітілген

Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісу бойынша)

      "Уақып" қазақстандық қоры" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша)

      "Ана үйі" қоғамдық қорының жетекшісі (келісу бойынша)

      "Аяла" жеке қайырымдылық қоры" жеке қорының вице-президенті (келісу бойынша)

      "Болашақ" корпоративтік қорының директоры (келісу бойынша)

      "Дара" жеке қорының атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Дегдар" гуманитарлық қоры" корпоративтік қорының директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры" жеке қорының атқарушы директорының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Болат Өтемұратовтың қоры" жеке қорының директоры (келісу бойынша)

      "Altyn Qyran Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қадағалау кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады