Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 24-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 24-ө өкімімен
бекітілген

Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 77-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, төрағаның орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісу бойынша)

      "Уақып" қазақстандық қоры" корпоративтік қайырымдылық қорының президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша)

      "Ана үйі" қоғамдық қорының жетекшісі (келісу бойынша)

      "Аяла" жеке қайырымдылық қоры" жеке қорының вице-президенті (келісу бойынша)

      "Болашақ" корпоративтік қорының директоры (келісу бойынша)

      "Дара" жеке қорының атқарушы директоры (келісу бойынша)

      "Дегдар" гуманитарлық қоры" корпоративтік қорының директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры" жеке қорының атқарушы директорының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Болат Өтемұратовтың қоры" жеке қорының директоры (келісу бойынша)

      "Altyn Qyran Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қадағалау кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 2 наурыздағы
№ 24-ө өкімімен
бекітілген

Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің мақсаты қайырымдылықты дамытуға ықпал ету болып табылады.

      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 77-ө өкімімен.

      5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 13.05.2019 № 77-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      6. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін Кеңес мынадай:

      1) елдегі қайырымдылықты жетілдіру және дамыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;

      2) қайырымдылық жасаушылар ұсынатын жобалар бойынша ұсыныстар әзірлеу міндеттерін іске асырады.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      7. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады