Тілдерді дамыту саласындағы 2020 – 2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 107-ө өкімі.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Тілдерді дамыту саласындағы 2020 – 2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 25 маусымға дейінгі мерзімде Тілдерді дамыту саласындағы 2020 – 2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2019 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімі белгіленсін.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 11 маусымдағы
№ 107 өкіміне
қосымша

Тілдерді дамыту саласындағы 2020 – 2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, жетекші;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, хатшы;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әкімшілік департаментінің директоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Талдау және стратегиялық зерттеу департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік жұмыс және бақылау департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік қызметті мониторингтеу және ішкі әкімшілендіру департаменті директорының міндетін атқарушы;

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры (келісу бойынша);

      "Knouledgе Engineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының проректоры (келісу бойынша);

      "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі (келісу бойынша);

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жоғары білім мектебі Қосымша білім беру департаментінің директоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" мемлекеттік мекемесінің лингвистика орталығының бастығы (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының профессоры (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының профессоры (келісу бойынша);

      "Nur Otan" партиясы Стратегиялық бастамалар институтының әлеуметтік зерттеулер бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша);

      саясаттанушы (келісу бойынша);

      саясаттанушы (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады