Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 125-ө өкімі.


      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы 2019 жылғы 25 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) жобасын әзірлесін.

      3. Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің 2019 жылғы 30 қазанға дейінгі мерзімі айқындалсын.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау жұмыс тобының жетекшісіне жүктелсін.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 125-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, жетекші

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы, жетекшісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлеу және талдау орталығының сектор меңгерушісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министр

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы

      Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

      "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Астана медициналық университеті" КеАҚ ректоры (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры - Медициналық қызметтер департаментінің директоры (келісу бойынша)

      "Профилактикалық медицина академиясы" ҚБ президенті (келісу бойынша)

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның Қазақстандағы Елдік офисінің өкілі (келісу бойынша)

      Дүниежүзілік Банктің Қазақстан Республикасындағы жобалар бойынша аға маманы (келісу бойынша)

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі (келісу бойынша)

      ЮНИСЕФ денсаулық сақтау және тамақтандыру бойынша бағдарламаларының Қазақстан Республикасындағы үйлестірушісі (келісу бойынша)

      БҰҰ АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) субөңірлік офисінің директоры (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады