"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар және "Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 170-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген' тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актіні қабылдасын және есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін.

      3. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 15.06.2020 № 83-ө өкімімен.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 170-ө өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекетті к орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы

БҒМ

2019 жылғы тамыз

Б.А. Асылова

2.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2019 жылғы қыркүйек

Д.Н. Есин

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      АҚДМ - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019жылғы 12 қыркүйектегі
№ 170-ө өкіміне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 15.06.2020 № 83-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2019жылғы 12 қыркүйектегі
№ 170-ө өкіміне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 15.06.2020 № 83-ө өкімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады