Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарының функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 250-VІ ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      7-баптың 1-тармағының 40) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылығы дәрежесін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;".

      2. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-13, 2-14, 2-15, 2-16, 2-17, 2-18, 2-19, 2-20 және 2-21-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-13. Бәсекелес орта деп квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері түсініледі.

      2-14. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.

      2-15. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – орындаушылар) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.

      2-16. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар (бұдан әрі – пайдаланушылар) деп жеке және заңды тұлғалар түсініледі.

      2-17. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингі (бұдан әрі – аутсорсинг) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын шарттар жасасу арқылы жүзеге асыру үшін оларды бәсекелес ортаға беру түсініледі.

      2-18. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру жөніндегі деректерді жүйелі түрде және үздіксіз жинауға, өңдеуге, талдауға және бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.

      2-19. Мүдделі тұлғалар деп құқықтары мен міндеттері осы Заңда қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.

      2-20. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын толық беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау және олардың жүзеге асырылуын міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу арқылы немесе пайдаланушылар есебінен бәсекелес ортаға беру түсініледі.

      2-21. Оңтайландыру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат санын қысқартуға, шығыстарын қысқартуға және (немесе) қайта бөлуге бағытталған, оның ішінде функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты шаралар кешені түсініледі.";

      2) мынадай мазмұндағы 9-3, 9-4, 9-5, 9-6, 9-7, 9-8, 9-9, 9-10, 9-11, 9-12, 9-13, 9-14, 9-15, 9-16 және 9-17-баптармен толықтырылсын:

      "9-3-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары:

      1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;

      4) оңтайландыру болып табылады.

      2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі қағидаттары:

      1) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің мүдделері теңгерімін сақтау;

      2) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі;

      4) бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы;

      5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі процестердің үздіксіздігі мен тұтастығы, сондай-ақ онымен байланысты оңтайландыру болып табылады.

      3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімдері негізінде осы Заңға сәйкес жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады.

      4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру:

      1) аутсорсинг;

      2) мемлекеттік тапсырма;

      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;

      4) пайдаланушылар есебінен беру;

      5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың аутсорсингті, мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру арқылы берілетін функциялары ішінара берілуге жатады.

      6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын іріктеу орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

      1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі;

      2) нарықтың дайын болуы немесе бәсекелес ортаның болуы;

      3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі болып табылады.

      8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға бағытталған, капиталды сыртқа шығаруды, жоғары қадағалауды, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекеттің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларды бәсекелес ортаға беруге тыйым салынады.

      9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары іріктелгеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесіне сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функциясының құнын есептеу жүзеге асырылады.

      10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру тұрғысынан есептеме жүргізіледі.

      11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын жүзеге асыру үшін нарықтың дайын болуын талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

      12. Мониторинг осы Заңның 9-9-бабына сәйкес жүргізіледі.

      13. Пайдаланушыларға және бәсекелес ортаға ақпарат беру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында мынадай мәліметтер:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесі;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының, олардың қандай нормативтік құқықтық актімен берілгені көрсетілген тізілімі;

      3) Комиссияның шешімі, мониторинг нәтижелері және мониторинг қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қайтарылған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының, олардың қандай нормативтік құқықтық актімен қайтарылғаны көрсетілген тізбесі орналастырылады және кейіннен жаңартылып отырады.

      9-4-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға оларды жүзеге асыру үшін беріледі.

      9-5-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беру

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген, мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібіне сәйкес мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беріледі.

      2. Мемлекеттік тапсырманы орындау республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында нәтижелер көрсеткіштері көрсетілген азаматтық-құқықтық мәмілені жасасу арқылы бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      9-6-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9-7-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар есебінен бәсекелес ортаға беру

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау арқылы бәсекелес ортаға беріледі және пайдаланушылар есебінен жүзеге асырылады.

      9-8-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы бәсекелес ортаға беру

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру өзін-өзі реттейтін ұйымдардың дайындығы расталғаннан кейін қамтамасыз етіледі.

      2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға дайындығы пайдаланушылар, орындаушылар және мемлекет үшін пайда мен шығасыларды айқындау мақсатында нарықтың дайын болуына талдау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

      9-9-бап. Мониторинг

      1. Мониторингтің мақсаты орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын байқау болып табылады.

      2. Мониторингтің нәтижелері орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын бәсекелес ортада жүзеге асырудың түйінді көрсеткіштерін салыстыру және тиісті шешімдер мен шаралар қабылдау үшін пайдаланылады.

      3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуын мониторингтеуді қоспағанда, мониторинг:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауға;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған ақпаратты талдауға;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша деректерді жинау және талдау жүйесіне;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар жүргізетін нарықтың дайын болуын талдауға негізделеді.

      4. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мониторингті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі тұлғалар осы Заңға сәйкес жүргізеді.

      5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына тәуелсіз бағалауды алу үшін Комиссияның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылады.

      6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуына мониторинг үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      7. Аутсорсингтің, мемлекеттік тапсырманың, пайдаланушылар есебінен берудің жүзеге асырылуына мониторинг орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нәтижелілік пен процесс өлшемшарттары негізінде жүргізіледі.

      Нәтижелілік өлшемшарттары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асырудың орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар белгілеген түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді айқындайды.

      Процесс өлшемшарттары орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын бағалауды орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бәсекелес ортадан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған ақпаратты талдаудың негізінде айқындайды.

      8. Мониторинг жүргізу кезінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орындаушылардан мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыру саласына қатысты қажетті ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған жағдайда осы ақпаратты сұратуға құқылы.

      9-10-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар мониторинг нәтижелері бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылғанын анықтаған жағдайда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар бұл туралы бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын хабардар етеді.

      2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функциясының сапасыз жүзеге асырылғаны туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.

      3. Комиссия орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде, мыналар:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың ішінара беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, орындаушымен жасалған шартты бұзу арқылы қамтамасыз етіледі;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың толық беруі шеңберінде – мұндай функцияларды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу жөніндегі шаралар қабылданады.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару үшін Комиссияның ұсынымынан кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға функцияларды қайтаруды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативтік құқықтық актінінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізеді.

      4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мақсатына қол жеткізілмеген жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес күші жойылуға жатады.

      9-11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      9-12-бап. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы негізде ақпарат береді;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      6) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      7) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне әдістемелік көмек беруді және үйлестіруді жүзеге асырады;

      10) нарықтың дайын болуына орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың жүргізген талдауына сараптамалық қорытындылар дайындайды және береді;

      11) өз құзыреті шегінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын функцияларын іріктеу нәтижелеріне сараптама жүргізеді;

      12) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жүргізген, оңтайландыру тұрғысынан ұсынылған есептеме бойынша қорытынды әзірлейді және береді;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9-13-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

      1. Орталық атқарушы органдар:

      1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді мүдделі тұлғалармен, орындаушылармен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жыл сайынғы негізде жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдауды мүдделі тұлғалармен, орындаушылармен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүргізеді;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы (аясындағы) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      5) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      6) орындаушыларды мониторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;

      7) орталық атқарушы органдардың функциялары бәсекелес ортаға берілген кезде, оңтайландыру тұрғысынан есептеме жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      2. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеуді мүдделі тұлғалармен, орындаушылармен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жыл сайынғы негізде жүзеге асырады;

      2) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдауды мүдделі тұлғалармен, орындаушылармен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүргізеді;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) пайдаланушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

      5) орындаушыларды мониторинг нәтижелерімен таныстыруға міндетті;

      6) жергілікті атқарушы органдардың функциялары бәсекелес ортаға берілген кезде, оңтайландыру тұрғысынан есептеме жүргізеді және оны мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

      7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9-14-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыреті

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселелерді қарауға қатысады;

      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      9-15-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін жыл сайынғы негізде іріктеуге;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге;

      3) кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмысқа қатысу арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

      9-16-бап. Орындаушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Орындаушылар:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына балама талдау жүргізуге;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге қатысуға;

      5) бәсекелес ортаға беру үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жыл сайынғы негізде іріктеу жүргізуге қатысуға;

      6) мониторинг нәтижелерімен танысуға;

      7) мониторинг нәтижелері алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, мониторинг нәтижелерімен келіспейтіні туралы жазбаша түсініктер не Комиссияда қаралуға жататын ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға құқылы.

      2. Орындаушылар:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын сапалы жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға;

      2) мүмкіндігі шектеулі адамдар орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын алған кезде, олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;

      3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды осы Заңда көзделген жағдайда беруге;

      4) пайдаланушыларға орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру тәртібі туралы толық және анық ақпарат беруге;

      5) пайдаланушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдауға міндетті.

      9-17-бап. Комиссияның қызметі мен функциялары

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында консультативтік-кеңесші орган – Комиссия құрылады.

      Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік субъектілерінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.

      2. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдайды;

      2) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдайды.

      3. Комиссияның қызметі туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және кемінде жарты жылда бір рет жаңартылып отырады.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 11, 36-құжат):

      1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны;";

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға берілген функцияларын іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-4-баппен толықтырылсын:

      "6-4-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Үкіметтік емес ұйым:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа сұрау салумен жүгінуге;

      2) уәкілетті органға, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органға, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

      2. Үкіметтік емес ұйым:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу үшін қажетті ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруге;

      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға;

      3) жеке және заңды тұлғалар өтініш жасаған жағдайда оларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы туралы толық және анық ақпаратты беруге;

      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарауға міндетті.".

      4. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат;№ 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат;№ 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24,115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат, № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 46-21) тармақшамен толықтырылсын:

      "46-21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      2) 43-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.";

      3) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мүліктік жалдауға (жалға) беруден алынған кірістерді өзі дербес пайдаланады.".

      5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      74-баптың 3-тармағында:

      бірінші бөліктегі және екінші бөліктің бірінші сөйлеміндегі "Республикалық", "Коммуналдық" деген сөздер тиісінше "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық", "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.".

      6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      9-баптың 2-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) Ұлттық палатада аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

      4-2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін жыл сайынғы негізде іріктеуді жүзеге асырады;

      4-3) кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерінің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша ұсыныстарын жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады;

      4-4) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізуге қатысады;

      4-5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының сапасыз жүзеге асырылуы туралы мәселелерді қарауға қатысады;".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады